Қазақстан әйелдер құрамасы – CAVA 2026 күміс жүлдегері
Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Непалдың Катманду қаласында өткен CAVA Women’s Volleyball Championship 2026 додасында күміс жүлдеге ие болды.
Турнир барысында қыздарымыз жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Енді ұлттық құрама уақыт жоғалтпастан Азия кубогына қатысу үшін Филиппин еліне жол тартты. Катмандудан тікелей Кандон қаласына аттанған құраманың негізгі құрамы өзгеріссіз сақталып, дәл осы ойыншылар Азия құрлығының үздік командаларына қарсы бақ сынайтын болады.
Қыздарымызға алдағы маңызды жарыста сәттілік тілейміз! Ел намысын асқақтатып, жаңа жеңістермен қуанта беріңіздер!