Қазақстан мен Ресей волейболдағы серіктестікті нығайтуда
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы алдағы Азия чемпионатына дайындық аясында Түркістан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде оқу-жаттығу жиынына тәжірибелі ресейлік мамандар Алексей Бабешин мен Марина Бабешина (Шешенина) Қазақстанның жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жұмыс атқаруда. Олар Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабымен бірлесіп жұмыс жүргізіп, жас волейболшылардың шеберлігін арттыруға өз үлестерін қосуда.
Жиын барысында спортшылардың техникалық, тактикалық және физикалық дайындығын жетілдіруге ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар байланыстырушы ойыншылардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар ұйымдастырылып, заманауи оқу-жаттығу әдістемелері қолданылуда.
Бұл оқу-жаттығу жиыны Азия чемпионатына сапалы дайындалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, халықаралық тәжірибе алмасу мен екі ел арасындағы волейбол саласындағы серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.
Қазақстан құрамасына алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!