Қазақстан Австралияны жігерлі ойында жеңді
Үндістанның Ахмедабад қаласында AVC Cup 2026 жарысы жалғасуда.
Топтық кезеңдегі екінші матчта Сергей Трикоз жаттықтыратын Қазақстан ерлер құрамасы Австралиямен кездесті. Алғашқы екі партияда жеңіліс тапқан қазақстандық волейболшылар матчтың барысын өзгертіп, үшінші сетте жеңіске жетті. Төртінші партияның соңында қарсыластың екі матчболын қайтарып, ойынды тай-брейкке жеткізді. Шешуші сетте Қазақстан құрамасы жеңісті жұлып алып, кездесуді 3:2 (15:25, 21:25, 25:23, 26:24, 16:14) есебімен аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Үндістан құрамасына 0:3 (16:25, 21:25, 15:25) есебімен есе жіберген болатын.
Қазақстандықтар келесі кездесуін 23 маусым күні Қытай Тайбэйіне қарсы өткізеді. Одан кейін 25 маусымда Бахрейнмен, ал 26 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды.
В тобында жартылай финал жолдамасы үшін Катар, Оңтүстік Корея, Индонезия, Таиланд және Оман құрамалары таласуда.