Қазақстан ТОП-5 қатарында
Қазақстан құрамасы AVC Challenge Cup турнирін жеңіспен аяқтады
Қазақстанның ерлер ұлттық волейбол құрамасы биылғы маусымдағы алғашқы құрлықтық жарыс — AVC Challenge Cup турниріндегі өнерін жеңіспен қорытындылады.
Турнирдің соңғы кездесуінде Сергей Трикоз баптайтын Қазақстан құрамасы Таиланд ұлттық құрамасын 3:1 (25:21, 25:23, 22:25, 27:25) есебімен жеңіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владислав Мастихин болды. Ол команда қоржынына 20 ұпай қосты. Азамат Сейілханов 18 ұпай жинаса, орталық тосқауылшы Дінмұхамед Қабдулов 13 ұпаймен ерекшеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы AVC Challenge Cup турниріндегі өнерін сенімді жеңіспен аяқтап, турнирдің үздік бес командасының қатарына енді.