Қазақстан U18: матчтар кестесі
AVC Boys' U18 Volleyball Championship 2026 турнирінің басталуына санаулы уақыт қалды!
🇰🇿 Қазақстанның 18 жасқа дейінгі ұлдар құрамасы Қытайдың Хайкоу қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Команда топтық кезеңде С тобы аясында Таиланд, Пәкістан және Қырғызстан құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
📅 Топтық кезеңдегі матчтар (Астана уақыты)
🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇹🇭 Таиланд - 12 шілде | 07:30
🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇵🇰 Пәкістан - 13 шілде | 07:30
🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇰🇬 Қырғызстан - 14 шілде | 16:30
Ұлттық құрамаға сәттілік тілейміз! Әр ойында жеңіске деген жігер мен қайсарлық танытып, Қазақстанның көк туын биіктен желбіретіңіздер!