Юлия Акулованы құттықтаймыз!
Юлия Акулованы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстандық төреші ағымдағы 2025 жылғы маусым бойы көрсеткен жоғары кәсібилігі, төрелік етудегі тұрақтылығы және волейбол спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғаш рет ұйымдастырылып отырған тарихи AVC Gala 2026 салтанатында «Жылдың үздік волейбол төрешісі» беделді атағымен марапатталды.
Ресми марапаттау рәсімі 2026 жылдың 8 тамызында Бангкок қаласында (Тайланд) өтетін 1-ші AVC Gala Awards Night салтанатты кешінде өтеді. Бұл іс-шара Азия волейболының ең үздік өкілдері мен маңызды жетістіктерін ұлықтауға арналады.