Қазақстан құрамасы Қытайдағы Әлем чемпионатына қатысады
Қазақстан Республикасының Пара Волейболдан Ұлттық құрамасы Қытайда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды
2026 жылғы 10–17 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында пара волейболдан (отырып ойнайтын волейбол) Әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің ең мықты құрамалары қатысатын бұл дүбірлі додада Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы да ел намысын қорғайды.
🏐 Жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы C тобына түсіп, Бразилия, Хорватия және Ирак құрамаларымен кездеседі. Топтық кезеңнің нәтижесі плей-офф кезеңіне шығатын командаларды анықтайды.
Топтық кезең матчтарының кестесі (Астана уақытымен):
📅 10 шілде - 🕛 12:00 — 🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇭🇷 Хорватия
📅 11 шілде - 🕦 11:30 — 🇧🇷 Бразилия 🆚 🇰🇿 Қазақстан
📅 12 шілде - 🕣 08:30 — 🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇮🇶 Ирак
Қазақстан құрамасына әлем чемпионатындағы маңызды кездесулерде сәттілік тілейміз! Барша жанкүйерлерді ұлттық құрамамызға қолдау көрсетуге шақырамыз.