ҚВФ ұжымы Бас Хатшы Ермек Әмірбекұлы Сырлыбаевты 55 жасқа толған мерейтойымен қуттықтайды!

16 Наурыз 2019 / Жаңалықтар



Қазақстан волейбол Федерациясының ұжымы Бас Хатшы Ермек Әмірбекұлы Сырлыбаевты 55 жасқа толған мерейтойымен қуттықтайды!
 
Құрметты Ермек Әмірбекұлы!
 
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық ісіңізге сәттілік, армандарыңыз орындалып, басқа да белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Біз сіздіңбасшылығыңызда жұмыс істегенімізге мақтанамыз және сіздің тәжірибеңіз бен даналығыңызды үлгі тұтамыз. Сіз өз өміріңіздің көп бөлігін спортқа арнадыңыз, әсіресе волейболға, сондықтан Қазақстан волейболының өткені мен бүгіні және болашағы сіздің атыңызбен тұтастай байланысты. Сіздіңесіміңіз Қазақстан волейбол тарихында үлкен әріптермен таңбаланған!
 
Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! 



Бас демеуші
Демеушілер
Ақпараттық серіктестер
Самырук-Казына
Самырук-Казына Траст
DHL Казахмыс Холдинг Байтерек
SK Sport Телеканал «QAZsport» Казахтелеком Megaline