Алматыда жағажай волейболынан үлкен турнир өтті




Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстаннан келген 16 команда жағажай волейболынан «Буревестник» кубогын сарапқа салды. Бұл жарыста бірінші орынға біздің ұлттық құраманын белгілі спортшылары Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко ие болды. Финалда олар өздерінің ұлттық құрамадағы және «Буревестник» клубындағы әріптестері – Дмитрий Яковлев пен Сергей Богатуды жеңді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

 
Турнирдің  алдынғы нәтижесінде 16 ұжым жартылай финалға шығып, оның арасында алматылық «Буревестник» клубының үш жұбы және Қырғызстан ұлттық құрамасы шыққан болатын. Сидоренко мен Дьяченко кезекті рет өздерінің жоғары дәрежедегі спортшы екендіктерін дәлелдеді. 
 
«Буревестник» спорт клубының бірінші жарысы өте жоғары деңгейде өткізілді. Өзімнің, спортшылардың және жағажай волейболының жанкүйерлері  атынан бізге жақсы қолдау көрсетіп жатқаны үшін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымызды айтқымыз келеді. Қала әкімдігі жағажай волейболының дамуына өте зор үлес қосуда. Сондай-ақ, осы турнирді ұйымдастыруға атсалысып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне мың алғыс. Осы жарысты «Буревестник» СК президенті Амангелді Шабдарбаев мырза тамашалаған болатын. Ол кісі Қазақстан волейболы үшін үлкен жұмыстар атқаруда», - дейді жағажай волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Денис Ровкин.
 
Оның айтуынша, бұл турнирдің  басты мақсаты аты аңызға айналып КСРО кезінде дүркіреп тұрған «Буревестник» спорт клубының атын қайтадан жаңғырту.
 
«Біздің елімізде осындай жарыстар өткізіліп тұратындығы өте қуантады. Ол дегеніміз жағажай волейболының дамуына үлкен септігін тигізеді. Бапкерлер үшін осындай сайыстар өте пайдалы, себебі осылар арқылы біз үздік волейболшыларды анықтап, ұлттық құрамаға үміткерлерді  тандай аламыз. Көптеген халықаралық және республикалық жетістіктері бар, тарихи алматылық «Буревестник» клубын қайта жаңғырту өте маңызды. Қазір міне қала әкімдігі жақсы қолдау көрсетіп жатыр. Бұл алғашқы турнир алдағы уақытта өз жалғасын тауып, командалар саны көбейеді  деп ойлаймын», - деді Ровкин.
 
Ауа райының салқындығына қарамастан жарыстағы барлық ойындар өте тартысты өтті. Өздерін жақсы жағынан жартылай финалға жолдама алған «Буревестник» клубының үш жұбы танытты. Финал үшін болған ойында қырғызстандықтар «Буревестник-1» (Сидоренко/Дьяченко) жұбынан ұтылып қалды. Ал, қола жүлдеге ие болған көршілес елінің спортшылары Муса уулу Темир мен Эргеш уулу Медет біздің жас ойыншыларды, 19-жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Мохаммад Абдулмаджид пен Алдаш Нұрдосты жеңді.
 
Басты сайыста – Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев кезекті рет Дьяченко-Сидоренко жұбын ұтуға тырысты. Үш сеттік кездесуде тәжірибелі волейболшылардың  асығы алшысынан түсті. Осылайша Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко турнирдің жеңімпазы атанды.
 
Айта кетер жайт, жақында Иранда өткен үшінші Каспий сериясындағы World Tour турнирінде Богату/Яковлев пен Дьяченко/Сидоренко жұптары бір-бірімен жартылай финал үшін таласып, нәтижесінде тағы бір мәрте осы тәжірибелі спортшылар ұтқан болатын.
 
«Буревестник» кубогының нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 




Бас демеуші
Демеушілер
Ақпараттық серіктестер
Самырук-Казына
Самырук-Казына Траст
Холдинг Байтерек DHL Казахмыс
Телеканал «QAZsport» Megaline Казахтелеком SK Sport